2018 жылдың 19-қыркүйегінде Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингтері өтті.
Семинар-тренинг алдында саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» Мемлекеттік Мекеме директорының орынбасары РАХЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлының Атырау мұнай және газ университетінің ПОҚ мен білім алушы студент жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы-ректор А.А.Абишевке және оқу орнының Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректоры Е.Т. Нұрпейісовке «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кешенді жобасы аясында өткізілген мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-саяси маңызы зор шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ә.Рахымжановтың Алғыс хаты табысталды.
ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының негізінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері әзірлеген семинарлар мақаланың басты ережелерін түсіндіруге бағытталған. «Бәсекеге қабілеттілік-ХХІ ғасыр ұлт жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Ашық сана-болашаққа жол» дәрістері, сондай-ақ семинарға қатысушылармен жүргізілетін топтық ойындар мен психологиялық жаттығулар, тәжірибелік сабақтар сынды тренингтер рухани жаңғыру жөнінде жүйелі түсінік алуға мүмкіндік берді.
Дәрістерден тыңғылықты ақпараттар алынды. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейін ең алдымен Қазақстан өзінің шекарасын нақтылап, белгілеуде Елбасының 14-15 жыл бойы атқарған жұмыстары тыңдармандардың қызығушылығын арттырды. Бұрын тек картада белгіленген «Қазақстан» деген мемлекеттің шекарасын нақтылауда елмен шекаралас елдермен терезесі тең түрде келісімдер жасақтау үлкен сарабдал саясаткер мен бітімгер елшілікті қажет ететіні айдан анық.
Қазақстандықтардың ішкі саяси белсенділіктері де әлемнің назарын өзіне аударды. Оған мысал, Семей полигонының жабылуы, еліміздің ядролық қару-жарақтан бас тартуы, т.с.с.
Дәрістен кейін өткен тренинг студент жастар мен қатысушыларды серпілтіп, командалық-коучинг жаттығулары арқылы өз ойларымен бөлісуге, өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік берді. Әсіресе «Ортаны өзгерткің келсе-өзіңнен баста» тақырыбында студент жастар Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену жолында қандай кемшіліктерді жою, қандай қасиеттерді қалыптастыру және осы өзгерістерге қалай қол жеткізуге болады деген сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас ұйымдастыра білді.
Мәні мен маңызы мықты үш сағатқа созылған семинар-тренинг соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингіне қатысып, қысқаша оқу курсынан өткенін растайтын сертификаты табысталды. Сертификатпен бірге «Біздің Президент» кітабы табысталды. Өз кезегінде АтМГУ-ң студент жастары мен профессорлық-оқытушылар құрамы бүгінгі ойға түйері көп, жаңа, тың деректерге толы семинар-тренингті жүргізген Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлеріне өздерінің шынай алғыстарын айтып, артылған сенім биігінен көрінуге талпынатындықтарын жеткізді.