28-29 наурызда Астана қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының IV кезекті съезі өтті. Съезге республика бойынша қоғам белсенділері, шығармашылық, спорт жастары және де саяси өмірге бейжай қарамайтын 1500 адам қатысты. Съездің басты мақсаты – жарғылық құжаттарды реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылау.
Атырау мұнай және газ университеті де көлемді шараға қатысты. АтМГУ студенттері тікелей трансляция арқылы съезд жұмысының барысын көрді. Өз сөздерінде АтМГУ стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т. Нұрпейісов пен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Б.С. Нығметов Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін атап өтті. Студенттерді жан-жақты дамуға, шетел тілдерін меңгеруге шақырды. Шара соңында студенттер аталған съездегі мәселелер төңірегінде өз ойларымен бөлісті.