Мәңгілік ел жастары-индустрияға-Серпін

   

 «Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты:

  • «Серпін-2050»  жобасы  жастарды бәсекеге қабілетті  болуға баулиды;
  • жастардың өзара  қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады;
  • жоба  елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең  бөлінісін қамтамасыз  ету;
  • еңбек күші мол өңірлерден  кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс  орындары  мол аймақтарға жас мамандарды тартуды  көздейді.

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға «Серпін-2050»

әлеуметтік жобасы

   «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек,»-деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

   2015 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін-2050» атты мемлекеттік бағдарламасын  АтМГУ жүзеге асыру мақсатында студенттер қабылдады. Бағдарламаның мақсаты-халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның батыс, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады.

        «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылындағы Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстанның 5 өңірінен келіп  білім алып жатыр. “Cерпін-2050” бағдарламасы бойынша  406 студент білім алуда. Оның 134-і  бірінші курс, 272-і екінші курс студенттері болып табылады.

Атырау мұнай және газ университетінде облыс бойынша

білім алушы серпін  студенттері

Маңғыстау облысы

49

Жамбыл облысы

33

Қызылорда облысы

82

Оңтүстік  Қазақстан облысы

200

Алматы облысы

42

 

Патриот болу- біз үшін Қазақстанның кез келген өңірі атамекеніміз. Біз Отанымызды сүйеміз. Еліміздің кез келген аймағына барып, оқудан, жұмыс істеуден қашпаймыз!

Біз адалдықты ту етіп ұстаймыз. Елімізге, халқымызға адал қызмет қыламыз.
Оқуда да, еңбекте де адалмыз. Әділетсіздікке, қиянатқа жол бермейміз!

 

 

Көшбасшы сардарлар:

   Бас сардар: Индустриальды-технологиялық  факультеті  «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»     мамандығының  2 курс студенті  Серік Базарбек                

 

 

 

 

 

 

     Бас сардардың көмекшісі: Мұнай-газ факультеті «Геодезия және картография»-15 қ/т мамандығының  2 курс студенті  Жәуке     Абзал     

 

 

 

 

 

   “Үміт” қайырымдылық тобы жетекшісі: сардар Сұлтанбек Бекбосын  ГК-15 қ/т студенті