Қазақстанның екі жетекші оқу орындарының ынтымақтастығы

2017 жылдың 13 қарашасында Қазақ-Британ техникалық университетінің бір топ өкілдері жан-жақты ынтымақтастық орнату мақсатында Атырау мұнай және газ университетінде қонақта болды.    Кездесуге факультет декандары мен мамандарды шығарушы кафедралардың меңгерушілері қатысты. Қонақтар оқу орнының қызметімен,  дуалды оқыту, халықаралық білім беру бағдарламаларымен, сонымен қатар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында екі жоғары оқу орны қызметінің барлық бағыттары бойынша тығыз ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Түстен кейін қонақтар КЗИ-ның ғылыми қызметкерлерімен кездесіп, ғылыми зертханалармен танысты.