Кураторлар кеңесі – кураторлардың жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіретін, ЖОО-ның тәрбие үдерісінің басқару жүйесіне кіретін оқу топтары кураторларының қоғамдық бірлестігі. Кураторлар кеңесі өзін-өзі басқарудың кеңесші органы болып табылады және университеттің тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
АтМГУ-нің кураторлар кеңесі ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, ҚР мемлекеттік жастар саясатының Концепциясын, жоғары тұрған органдар мен инстанциялардың, Ғылыми кеңестің, университет ректоратының шешімдерін басшылыққа алады.
АтМГУ Кураторлар кеңесінің негізгі міндеттері:
- университеттің студент жастарының құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу саясатын жүргізу;
- университеттегі, факультеттердегі, топтардағы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және ұйымдастыруға қатысу;
- студенттік ұжымдарда өзара көмек жағдайын қалыптастыру.
Кураторлар кеңесінің құрылымы мен қалыптастыру тәртібі
АтМГУ Кураторлар кеңесінің құрамына Кураторлар кеңесінің төрағасы, оның орынбасары, факультеттердегі тәрбие жұмыстары бойынша аға кураторлар кіреді. Кураторлар кеңесінің отырысында университеттің тәрбие жұмысына қатысты барлық мәселелері қаралып, баяндамалар, факультеттің аға кураторларының есептері тыңдалады.
Кураторлар кеңесінің өкілеттігі және қызметі
АтМГУ Кураторлар кеңесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі өкілеттіктер мен қызметерді атқарады:
- ЖОО-ның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне студенттердің белсенді қатысуы үшін жағдай жасайды;
- қоғамдық жастар саясаты институтының қолдауы арқылы жастар мәселесін шешуде қоғамның құрамдас бөлігінің ұлғаюына ықпал етеді (студенттердің өзін-өзі басқару органдары, студенттер Альянсы, ата-аналар комитеті, деканаттар мен қоғамдық жастар кеңесі);
- жастар саясаты мәселелері бойынша заңнамалық базаны жетілдіруге қатысады, қолданыстағы бекітілген заңнама тәртібімен нормативтік және әдістемелік базаны қолдайды және дамытады.
- Өмірде қиын жағдайға тап болған студенттерді оңалту және құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық көмек көрсету шараларына қатысады.