Университетте 11 маусым күні Атырау облысы бойынша Antikor штабының және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жанұзақұлымен кездесу өтті. Кездесуге университет әкімшілігі және қорытынды аттестаттаудың өтуін бақылайтын арнайы комиссия құрамы қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мәселелері қаралып, талқыланды, сондай-ақ студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жолдары айтылды.
Өз кезегінде Айдос Жанұзақұлы университет тарапынан аталған тақырыпта жүргізіліп отырған жұмыстарға оң баға бере оытырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды бірлесіп атқару арқылы елімізде жемқорлық індетін жою бағытында екі жақты ұйымдасқан шараларды жүзеге асыруға шақырды.