2019 жылы 6 наурыз күні С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Спорт кешенінде Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі және «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық нәзік жандылар мерекесіне орай «Ал, қане, қыздар!» атты факультетаралық спорттық эстафета өтті. Эстафетаға «Мұнай-газ ісі», «Индустриялық-технологиялық факультеті» және «Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінен қыздардан құралған 3 топ қатысты.
Денсаулықты сақтауға үлкен мән беріп, спортпен белсенді түрде айналысуға, яғни салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында өткен бұл эстафета кезінде сайысқа қатынасушы студенттер 6 түрлі спорттық санаттарды орындап, шараның қызықты өтуіне атсалысты.
Жарыс соңында 3 факультет атынан қатысқан топ қатысушылары арнайы дипломмен және сыйлықпен марапатталды.