Атырау мұнай және газ университетінің спорт кешені студенттердің дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдану қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Кешенде салауатты өмір салты үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар жасалған. Студент жастарды спортқа тәрбиелеуге, олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға елеулі үлес қосады.
Спорт кешені төрт спорт залдан тұрады:
Үлкен ойын залы: ойын залында студенттер арасында волейбол бойынша академиялық сабақтар мен спорттық секциялар өткізіледі., әйелдер, шағын-футбол, үлкен теннис және оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Денсаулық топтары.
Кіші ойын залы: кіші залда академиялық сабақтар және спорттық секциялар баскетбол, волейбол, гандбол өткізіледі.
Би-жаттығу залы: академиялық сабақтар және фитнесс спорт секциялары "Зумба" тобы, әйелдер жаттығу сабақтары, би үйірмелері өткізіледі.
Жаттығу залы: таеквондо, тай-бокс, айкидо, винь-чунь, джиу-джитсу және бокс, армрестлинг және атлетикалық гимнастика бойынша академиялық сабақтар мен спорттық секциялар өткізіледі.
Ашық спорт алаңдары мен жазғы жаттығу кешендері: теннис корты, баскетбол алаңы, волейбол алаңы.
Спорт кешенін студенттер, оқытушылар, университет қызметкерлері қолданады.
Спорт кешенінің жұмыс тәртібі сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін. Жыл мезгіліне байланысты жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.