Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өзіне берілген өкілеттік шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Жастар саясаты бөлімінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының дамуы мен нығайуына елеулі үлес қосуға қабілетті болашақ инженерлердің тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, студенттердің азаматтық белсенді қабілеттерін, кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
- Жастар саясаты бөлімінің негізгі міндеттері – жоғары оқу орнындағы бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру; кафедралардың тәрбие жұмыстарын үйлестіру; ЖОО, факультет, жатақхана деңгейінде Студенттік кеңестердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру мен құруда студенттерге көмек көрсету.
Бөлім жалпы нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру аясында келесі негізгі қызметтерді жүзеге асырады:
- Бөлім қызметінің перспективті жоспарларын, мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
- Университетте мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша шаралар ұйымдастыру және жүргізу.
- Студенттік шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша басқа да жоғары оқу орындарының, жекелеген кафедралардың оң жұмыс тәжірибелерін талдап қорыту және тарату жолымен басқару жүйесін жетілдіру. Тәрбие жұмыстарының нәтижелерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік материалдарды әзірлеу.
- ЖОО-ның тәрбие саясатының мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және жүргізу, форумдар, съездер, симпозиумдардың жұмыстарына және жастар мәселесін талқылауға, шешуге арналған басқа да шараларға қатысу.
- ЖОО-ның тәрбие саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық бюллетендерді, әдістемелік материалдарды, жинақтарды, анықтамалықтарды және басқа да материалдарды дайындау және шығару.
- Студенттердің рухани дамуы үшін жағдайларды жетілдіру, тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен шығармашылық дамуы үшін мәдени-дамытушылық және тәрбиелік орта құру.