Дуалды оқыту факультетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 26 желтоқсанында 5В070800 – «Мұнай-газ ісі», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандықтарының дуалды жүйеде білім алуға үміткер 3 курс студенттері «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің іріктеуінен әңгімелесу түрінде өтті.
Әңгімелесуге 48 студент, олардың 26-сы 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығы, 12 студент 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы және 10 студент 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандықтары бойынша қатысты.
Әңгімелесуді «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Г.А. Шарафетденова, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Газ жобасы бойынша департамент директоры С.Т. Тұрымбетов, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Геологиялық барлау жұмыстары департаментінің геология бөлімінің басшысы Ғ.Т. Ерниязова және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары Қ.М. Төлешовтер жүргізді. Іріктеу қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша 19 студент таңдап алынды.
5В070800 – «Мұнай-газ ісі» – 10 студент;
5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» – 5 студент;
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» – 5 студент.
«Ембімұнайгаз» АҚ-мен берілген кестеге сәйкес 2018 жылдың 8 қаңтарынан 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 5 студенті «Жылоймұнайгаз» МГӨБ базасында өндірістік оқуларын бастады.
2018 жылдың 10 қаңтарынан 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығының студенттері «Қайнармұнайгаз» МГӨБ базасында өндірістік оқуларын бастады.
2018 жылдың 10 қаңтарынан 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері «Жылоймұнайгаз» МГӨБ базасында өндірістік оқуларын бастады.
Қазіргі уақытта 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 30 студент, 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 11 студент, 5В071300 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша 7 студент, 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 7 студент, 5В071800 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша 5 студент, 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығы бойынша 10 студент білім алуда.
5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» және 5В050800 – «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 5 студенттен, жалпы 10 студент алынды. Жалпы дуалды оқыту бойынша 83 студент білім алуда.
2017-2018 жылдың екінші семестрінен бастап «Атырау кабель зауыты» ЖШС базасында 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, «Dremlain compani» компаниясы өкілдерімен жоғарыда аталған мамандықтар бойынша дуалды оқытуды енгізу жөніндегі келіссөздер жүргізілуде.
ОЗХТ-15 тобының студенттері Прорва кен орнында Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау алуда.