Қазіргі жаңа заман талабына сай университетімізде ерекше дәріс түрі өткізіліп келеді. Сапалы білім беруде бұл әдіс білім алушы студенттерді маңызды ақпарат көздерімен қамтамасыз етеді және үлкен тәжірибе жинақтайды. Әдетте дәрістерді өз саласында айтулы жетісікке жеткен, кәсіби білімді маман жүргізеді.
Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйек күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде дәл осындай дәрістердің бірін құрметті қонағымыз KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов өткізді. «Қазақстанның энергетикалық болашағы. Мұнай-газ саласының талабы» тақырыбындағы 1,5 сағаттық дәріс жұмысына университетіміздің 200-ге жуық студенті, магистранттары мен оқытушылар құрамы қатысты. Дәріс кезінде қонағымыз үлкен аудиторияны мықты энергетикаға толтыра отырып, студенттерді көптеген пайдалы ақпараттарға қанық қылды. Мәліметтер қорымен таныстыра жүріп, студенттерге түрлі тақырыптарда сұрақтар қойып, дәріс жұмысын жандандыра түсті. АтМГУ студенттері де өздерінің білім қорларымен қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап бере отырып, ізденімпаз, ғылымға құштар екендіктерін де танытты. Арман Сатимовтің қызықты да көңілді дәрісі студенттердің бойына жалын беріп, білім алуға, еңбек етуге деген күшті қалыптастырып, жарқын болашақтың кірпішін қалауға бір қадам болса да жақындатуға үлесін қосқанына қуаныштымыз.