Кеңсе тіркеушісінің басшысы - Тұяқова Нұржамал Әділгерейқызы, жұмыс тел: 36-31-01, ұялы тел: 8 707 160 33 28, e-mail: [email protected]
Кеңсе тіркеушісі қызметінің негізгі бағыттары:
- білім алушылардың оқудағы барлық жетістіктерін тіркеу;
- университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жүргізуді оқу үдерісі шеңберінде ұйымдастыру;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау және ұйымдастыру;
- білім алушылардың академиялық рейтингісінің есебі;
- оқу үдерісінің мониторингісі және үйлестіру;
- университетте білім алушылар контингентінің қозғалысы және қалыптастыру есебі;
- білім алушылардың құжаттарын мұрағатқа дейін сақтау;
- статистиканы және статистикалық есепті жүргізу.
Кеңсе тіркеушісінің негізгі қызметі:
- академиялық топтарды қалыптастыру;
- студенттік құрам бойынша бұйрықтар мен ұсыныстарды дайындау;
- оқу үдерісінің нәтижелері бойынша құжаттамаларды жүргізу (аралық, емтихан, қорытынды және жиынтық ведомостарын дайындау және басып шығару, емтихан қорытындыларын тіркеу);
- білім алушылардың академиялық рейтингісінің есебі;
- білім алушылардың жеке істерін жүргізу;
- бүкіл оқыту кезеңінде және оқудың барлық кезеңі ішінде білім алушылардың меңгерген кредиттерін есептеу;
- оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды немесе академиялық қарыздарын жою және қосымша оқыту түрлерін қанағаттандыру мақсатында жазғы семестрді ұйымдастыру;
- университетішілік ауысу, оқуды қайта жалғастыру, басқа ЖОО-дан ауысу кезіндегі пәндер айырмашылығын анықтау;
- студенттердің жеке істерін жүргізу жұмысын сапалы ұйымдастыру;
- бос білім беру гранттарын беру үшін құжаттарды дайындау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын және атаулы стипендияларды беру туралы және мемлекеттік стипендия тағайындау туралы бұйрықтарды дайындау;
- білім беру грантымен білім алушы студенттердің жол шығындарын өтеуге бұйрықтарды дайындау;
- студенттер контингенті қозғалысының есебі және оларды тіркеу: басқа оқу орындарынан ауысу, университетішілік ауысу, курстан курсқа ауысу, оқуды қайта жалғастыру, оқудан шығару, курсты қайта оқу;
- ауысу, оқуды қайта жалғастыру, оқудан шығару туралы бұйрықтарды дайындау;
- білім алушылардың құжаттарын мұрағатқа дейін сақтау;
- қатаң есептілік бланкілерін (академиялық анықтамалар, дипломдар, дипломға қосымша) алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оларды толтыру, тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету;
- дипломдарды, академиялық анықтамаларды толтыру жұмыстарын ұйымдастыру және қолданылған мемлекеттік бланкілар бойынша есепті дайындау (академиялық анықтамалар, дипломдар);
- білім алушылар контингентінің қозғалысы мен үлгерімі бойынша мемлекеттік есептілік үлгісін толтыру (3-НК, Ф34 және т.б.).
Кеңсе тіркеушісі құжат айналым жүйесінің сапасын арттыру үшін ISO 9001:2008 халықаралық стандарт сапа менеджментінің жүйесін қолданып, үдерісті басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Кеңсе тіркеушісінің ағымдағы жұмыстары академиялық күнтізбеге және Кеңсе тіркеушісінің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асады.
Кеңсе тіркеушісімен кредиттік технология қағидаларына сәйкес университетте оқу үдерісі сапасын бағалау бойынша ішкі нормативті құжаттар әзірленеді және жаңғыртылады. Ақпараттық технологиялар және білімді бақылау басқармасының маманымен «PLATONUS» АЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйеде дерекқорды толтыру бойынша бірлескен жоспарлы жұмыс орындалады.