Әдістемелік кеңес мемлекеттік білім беру стандарттары мен жұмыс оқу жоспарлары талаптарына сәйкес университеттің барлық мамандықтарының пәндері бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерін тексеріп, университет факультеттері бойынша сараптамалық комиссияны, факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын бақылауды және үйлестіруді, ұйымдастыруды жүзеге асырады.
ӘК-тің негізгі міндеттері:
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;
3) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;
4) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
7) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
9) оқу-әдістемелік материалдарды, бағдарламаларды, оқу жоспарларын дайындау мен жетілдіру бойынша факультеттердің, кафедралардың және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
10) университет факультеттерінің, кафедраларының және өзге де жоғары оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының озық тәжірибелерін оқу үдерісіне енгізуге ықпал ету және тарату, қорыту.