Оқу-әдістемелік басқармасы

Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы - Зайдемова Жаңылсын Қалидоллақызы, ұялы тел: 8 701 343 27 29, e-mail: [email protected]

Е-mail: 

Телефон: 8 (7122) 36-42-66

Орналасқан орны: Атырау қ., М.Баймұханов көшесі, 45-а, № 5 ғимарат,

Оқу-әдістемелік басқарма (бұдан әрі – ОӘБ) «Атырау мұнай және газ унивеситеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ОӘБ құрылымдық бөлімшелердің қызметі мен құрылымын, мақсатын, міндетін анықтайтын талаптарға сәйкес Университеттегі оқу үдерісін жоспарлау, бақылау және ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. ОӘБ қызметін үйлестіруді және бақылауды академиялық мәселелер жөніндегі проректор жүзеге асырады.  

ОӘБ құрылымына 4 бөлім кіреді:

  • Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі;
  • Оқу үдерісін ұйымдастыру  және жоспарлау бөлімі;
  • Академиялық кесте мен аралық аттестацияны құру бөлімі;
  • Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелерді ұйымдастыру бөлімі.

 

ОӘБ-нің негізгі міндеттері:

  • Сапа саласында Университеттің саясатын, мақсатын және стратегиялық дамуын жүзеге асырады;
  • Кредиттік оқыту технологиясын жүзеге асыру және жетілдіру жөніндегі Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді; 
  • Типтік оқу жоспарларының және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бақылауды, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша кафедрлардың жұмыстарын үйлестіреді;  
  • Оқытудың түрлері бойынша академиялық күнтізбе  әзірлейді;
  • Университет кафедраларындағы профессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүктемелерінің көлемін бақылайды;
  • Оқу және оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу және шығару бойынша қызметтерді ұйымдастырады және үйлестіреді; 
  • Оқу үдерісін және оның оқу-әдістемелігін қамтамасыз етуін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  • Оқу кестесін құрастырады және бекітілген кестеге сәйкес оқу сабақтарының жүруін бақылауды ұйымдастырады;
  • Декандармен және шығарушы кафедралардың меңгерушілерімен бірлесе отырып, мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссияны (МАК) жүргізу үшін құжаттарды дайындау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік қызметін үйлестіреді; 
  • Университет студенттері тәжірибелерінің барлық түрлерін жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;  
  • Кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен келісімшарттар жасайды және келесі оқу жылында өтетін тәжірибелік базаларды анықтайды.  

 

Факультет атауы

Кафедра атауы

Кафедра мамандықтары

Мұнай факультеті

Мұнай-газ ісі

  • 5В070800 Мұнай-газ ісі

Геология және геофизика

  • 5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • 5В071100 Геодезия  және картография
  • 5В090300 Жерге орналастыру

Жалпытехникалық пәндер

  -

Дене тәрбиесі және спорт

  -

Индустриалды-технологиялық факультет

Химиялық технология және қоршаған ортаны қорғау

  • 5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • 5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
  • 5В080400 Балық шаруашылығы                                               
  • 5В060600 Химия

Технологиялық машиналар және көлік

  • 5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар
  • 5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • 5В071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • 5В071500 Теңіз техникасы және технологиясы
  • 5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Электроэнергетика

  • 5В071800 Электроэнергетика
  • 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Құрылыс және стандарттау

  • 5В072900 Құрылыс
  • 5В073200 Стандарттау және сертификаттау

Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті

Экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп

  • 5В050600 Экономика
  • 5В050700 Менеджмент
  • 5В050800 Есеп және аудит
  • 5В050900 Қаржы
  • 5В051100 Маркетинг

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар

  • 5В070200 Автоматтандыру және басқару
  • 5В070300 Ақпараттық жүйелер
  • 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

  -

Қазақ және орыс тілдері

  -

Шетел тілдері

  -