Дағдарыс орталығы

Дағдарыс орталығының меңгерушісі – Сафи Өтебаева атындағы АтМГУ академиялық доценті Садыкова Людмила Ксенофонтовна.

E-mail: 

 

Дағдарыс орталығы - дағдарыстық жағдайдағы адамдарға бағытталған психологиялық-профилактикалық жұмыс, әлеуметтік-емдік көмек түрі.

АтМГУ-ң  Дағдарыс орталығы өз жұмысын 2003 жылдың қаңтар айынан бастады. 

 Дағдарыс орталығының  құрылымында  Сенім телефоны және бірінші курс студенттерінің бейімделу орталығы (2008 жылдан) жұмыс жасайды.  Байланыс телефондары:  (АтМГУ Сенім телефоны): 8-712-2-36-23-14

Дағдарыс орталығының штатына орталық  меңгерушісі мен маман (педагог,психолог) кіреді.

Мақсаты: АтМГУ Дағдарыс орталығының негізгі мақсаты дағдарыс жағдайында АтМГУ студенттерінің оқу үдерісінде психологиялық көмек көрсету, психо-әлеуметтік қызмет жасау, студенттерге әлеуметтік-терапевтік көмек беру болып табылады.

Дағдарыс орталығының негізгі міндеттері:

  • қақтығыс жағдайындағы, психологиялық тұрақсыз, әлеуметтік-тұрмыстық, оқу немесе өзге психологиялық күйзеліске ұшыраған, эмоционалдық дағдарыс жағдайындағы (ауыр тұрмыс жағдайында қалған  студентті әлеуметтендіру, бейімдеу және  оңалту мәселесі)   студенттерге уақтылы  қолдау көрсету;
  • әлеуемттік тұрмысы төмен жағдай әсерінен жастардың бойында  қалыптасқан теріс, келеңсіз қылықтарды    болдырмау,  алдын алу;
  • студенттердің дағдарыстан шығу кезінде өз шығармашылық, зияткерлік, тұлғалық, рухани және физикалық мүмкіндігін   сезіне білуге, соны пайдалануға және белсенді азаматтық , жеке өмірін, яғни базалық қажеттілігін жүзеге асыруда жастардың таңдау мүмкіндігін кеңейту;
  • жастарға, ата-аналарға, студенттік топ кураторларына және оқытушыларға білім беру, тәрбиелеу қызметінде өзара қарым-қатынасты жақсарту, студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмек көрсету мақсатында  Сенім телефоны арқылы кеңес беру;
  • студенттік ортадағы қақтығыс аймақтарын,  «қауіпті нүктені» анықтау, түзетуді қажет  ететін жастар мәдениетінің  өзекті мәселелерін анықтау.

Психологиялық қызмет  түрі:

  • оқытушылар мен студенттерге психологиялық көмекті ұйымдастыру;
  • студенттік ортадағы психологиялық ахуалға және жиі пайда болатын қиындықтарды(әсіресе студенттің жоо кетуі) себебіне талдау жасау;
  • кеңес беру:
    • білім беру мәселелері бойынша (материалды меңгерудің қиыншылығы, білім дағдыларын қалыптастыру, білім беру қызметін ұйымдастыру, және т.с.с.);
    • жекелеген мәселелер бойынша (эмоционалды жағдай, өз құрбы-құрдастарымен немесе оқытушымен кикілжің жағдай, жоғары деңгейдегі алаңдаушылық, фобии, жеке өміріндегі қиындық жағдайлар, және т.с.с.);
  • тестілік зерттеулер жүргізу; бірінші курс студенттеріне жеке тұлғаның ерекшеліктерін, танымдық  деңгейін немесе белгілі бір оқушыны даярлау деңгейінен туындайтын ықтимал қиындықтарды анықтайтын үздіксіз психологиялық сараптама;
  • алдын алу жұмыстары (психологиялық мәселелерді болдырмау).