Кәсіптік бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру басқармасы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру басқармасы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру басқармасының басшысы – Құдайбергенов Есенғазы Құдайбергенұлы 

Байланыс телефондары: 8 (7122) 36-70-15, ұялы тел: 8 777 561 51 64

е-mail: ​

Кәсіби бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Университеттің сапа саласындағы саясатын жүзеге асыру бойынша жүктелген міндеттерге сәйкес кәсіби бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру басқармасының негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінде баяндалған құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Кәсіптік бағдар беру жұмысы және түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі Басқарманың жұмысын жетілдіруге бағытталған үдерістердің жай-күйін болжау және басқару;
  • Жұмысқа орналастыруды және тұтынушылардың қанағаттануын өлшеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
  • Еңбек нарығында жұмыс беруші ретінде әрекет ететін ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  • Университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығына бейімделуге жәрдемдесу;
  • Жергілікті билік органдарымен, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызметінің аумақтық органдарымен, аудандық және қалалық білім басқармаларымен өзара іс-қимыл;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру үшін ұйымдастыру іс-шараларын өткізу;
  • Университеттің жас мамандарының сұраныста болуы мен бәсекеге қабілеттілігін анықтау мақсатында түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін жыл сайын талдау;
  • Университет жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының барлық деңгейлері бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру және талапкерлерді тарту бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • Университет факультеттері мен кафедралары жүзеге асыратын кәсіптік бағдар беру жұмыстарын және түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның қазіргі талаптарына сәйкес білім беру кеңістігінде жоғары білімді қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
  • Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді іске асыру.

Мақсатқа тиімді қол жеткізу және өз міндеттерін шешу үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру Басқармасы келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Университеттің корпоративтік мақсаттарынан шығатын кәсіби бағдар беру жұмысы мен жұмысқа орналастырудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, оның ішінде нарықты сегменттеу және мақсатты сегменттерді анықтау, осы сегменттерде білім беру қызметтеріне сұранысты қалыптастыру, кеңейту;
  • Университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  • Атырау және Атырау облысының халықты жұмыспен қамту және жұмыспен қамту орталықтары аралығындағы ынтымақтастық;
  • Кадрлар даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  • Университет шығаратын білім беру өнімдері мен қызметтері туралы тұтынушылардың пікірін, олардың өткізуге әсерін зерттеу және олардың тұтынушылық қасиеттері мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелер бойынша кәсіпорындар, ұйымдар басшыларымен өзара қатынас жасау;
  • Атырау облысының мекемелері, ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (жәрмеңке, мансап күндері, Ашық есік күндері және т.б.);
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақпаратты жинау және талдау;
  • Университеттің бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға және қолдауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру және қолдау;
  • Атырау облысы мектептерінің, орта кәсіптік оқу орындарының, кәсіпорындардың ұжымымен тұрақты байланыс орнату және нығайту;
  • Облыс мектептеріне кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, университет факультеттері мен мамандықтары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ талапкерлерді университетке тарту мақсатында кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсету мақсатында білім беру бөлімдерімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасу.