Стратегиялық жоспарлау, СМЖ және аккредиттеу
Бөлім басшысы – х.ғ.к., профессор Курсина М.М.
Байланыс телефондары: 8 (7122) 36-18-03, ұялы тел.: 8 705 880 00 47
E-mail:
Бөлім құрамына бөлім басшысы мен 4 маман кіреді.
Білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешу үшін 2004 жылы институт ректорының бұйрығымен Талдау бөлімі құрылды. Содан кейін 2005 ж. бөлімде Аттестация және аккредитация секторы ашылды. Бөлімнің жұмысын өзектендіру аясында 2011ж. Талдау бөлімін Аттестациялау және аккредиттеу секторымен біріктіріп, Стратегиялық жоспарлау және даму бөлімі құрылды.2012 жылы бөлім СМЖ, талдау және аккредиттеу болып аталып, ал 2013 жылдан бастап СМЖ және аккредиттеу, мониторинг бөлімі болып белгіленді және ол келесі мәселелер бойынша жұмыстар атқарады:
- Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына және білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне құжаттардың сәйкестігін жоспарлы тексерулерге дайындау;
- Институционалдық және мамандандырылған аккредит жүргізу;
- АтМГУ қызметін стратегиялық жоспарлау;
- ПОҚ мен университет қызметкерлерін аттестациялау бағдарламасын әзірлеу, ПОҚ мен қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымына сәйкестігін аттестаттау жөніндегі комиссияға қатысу.
- Жыл сайын студенттерге,ПОҚ, университет қызметкерлеріне, студент ата-аналарына, жұмыс берушілер, МАК төрағасымен сауалнама жүргізу;
- Сапа менеджменті жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу;
- Ішкі және сыртқы нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу;
- СМЖ үрдісіне талдау жүргізу, өзгертулерді талдау және Халықаралық Стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау;
- АтМГУ СМЖ жақсарту мен қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
- ЖОО іріктеуге қатысу үшін құжаттарды дайындау;
- Білім алушылардың дипломдық жұмыстарын және магистрлік диссертацияларды плагиатқа тексеру.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде білім беру сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ры арасында бірінші болып ISO 9001: 2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп енгізілген және үнемі жетілдірілуде. Жыл сайын ішкі және сыртқы аудиттер СМЖ халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. 2007, 2010, 2013, 2016 жылдары. АтМГУ IQNET СМЖ «Ресейлік тіркелім» мен «Қазақстандық сапа орталығы» сертификаттау ұйымы тарапынан жүргізілген қайта сертификаттау рәсімінен сәтті өтті.
Бөлім «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ институционалдық қайта аккредиттеуден өту жұмыстарын табысты жүргізді (11.06.2018 ж. № 0092 IA-A институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі, «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» аккредиттеу агентігі). 2014 жылдың қазан-қараша айларында бөлім қызметкерлері бакалавриат бойынша 20 білім беру бағдарламаларын аккредитациялау бойынша жұмыс жүргізді. Бакалаврдың 20 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттелді (06.12.2014 ж. SA 0033/1, 0033/2, 0033/3, 0033/4 куәлігі, «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» аккредиттеу агентігі).
Университет «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі» және «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» өткізетін Қазақстанның жоғары оқу орындарының рейтингісіне үнемі қатысады.
Университет ҚР Ең үздік 20 ЖОО тізіміне кіреді («Казахстанская правда» газеті, 15.05.2019 ж., №90, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» өткізген бас рейтингіне сәйкес), сондай-ақ үздік техникалық жоғары оқу орындары арасынан 11-орынды иеленді (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің рейтингіне сәйкес).