Тәртіптік комиссияның негізгі мақсаты Университет қызметкерлерінің ҚР заңнамасын, Университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауды, сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы істерді қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тәртіптік комиссияның негізгі міндеттері:
- Университет қызметкерлерімен жіберілген бұзушылықтар туралы істерді жан-жақты, толық, әділ және уақытында шешу;
- шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзушылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
- Университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауды бақылау;
- Тәртіптік комиссиямен бекітілген өкілеттік шараны, сонымен қатар лауазымдық міндеттердің осы ережесінің 2.1-тармағында айқындалған тұлғалармен орындауды қамтамасыз ететін тәртіптік ықпалды қабылдау.
Тәртіптік комиссия қарайтын істер:
- құқық қорғау органдарының көмегімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;
- корпоративтік этика кодексінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша;
- корпоративтік басқару кодексін бұзу мәселелері бойынша;
- дәлелсіз себептермен оқу сабақтарына профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) жүйелі түрде келмеуі туралы;
- жұмысқа дәлелсіз себептермен қызметкерлердің жүйелі кешігуі туралы;
- жұмыс немесе оқу орнына мас күйде келу, соның ішінде Университет аумағында жұмыс уақытында ішімдік ішу туралы;
- белгіленбеген орында темекі тарту туралы;
- Университеттің ішкі нормативті құжаттарының талаптарын бұзу туралы;
- тәртіптік сипаттағы ықпал ету шараларын талап ететін өзге де істер;
- профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер тарапынан әдепсіз қылық көрген жағдайда, азаматтардың өтініштері бойынша.