АтМГУ ректоры, профессор А.А.Абишев Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды түсіндіру, талқылау мақсатында ҚазМГБҒЗИ ұжымымен кездесті. Жиынды АтМГУ стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т.Нүрпеисов жүргізді. А.А.Абишев Елбасы үндеуінде көтерілген 5 мәселенің өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды. Елбасының әлеуметтік бастамасы негізінен еліміздің ең басты байлығы- адами капиталды жақсарту бағытындағы тың өзгерістер екендігін атап өтті. Кездесу барысында ҚазМГБҒЗИ бұрғылау бөлімінің бастығы Х.М.Исламов қарапайым, түсінікті тілде және көзге көрініп тиұрған мысалдармен үндеудегі негізгі міндеттер мен мақсаттарды толық ашып берген А.А.Абишевке өзінің және ұжым атынан шынайы алғысын білдірді. Шындығында технологиялық даму жағынан кенде қалған салалар мәселесі әлі күнге күн тәртібінен түспегенін, тіпті бір кездері өзі басынан кешкен оқиғалармен бөлісті. Ұсынысы: студент-жастар алған теориялық білімдерін кенорындарында жұмыс жасап, іс-тәжірибеден өтуін ұсынды. Өз кезегінде А.А.Абишев бұл жұмыстар біздің АтМГУ Дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқандығын және оқу орнының виртуалды кенорны, т.б. заманауи зертханалармен жабдықталуы осы мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты.
Инженер-геолог Масакпаева Алмагүл АтМГУ түлегі ретінде университеттегі оң өзгерістерге өзінің қуанышын және оқу орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, өз көзімен көргісі келетінін жасырмады. Масакпаева Алмагүлдің сұрағы: Мұнай-газ саласы мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру бағытында оқу орныныда қандай жұмыстар жүргізілуде? АтМГУ қазіргі уақытта көп деңгейлі білім беру бағдарламасы негізінде тек бакалаврмен шектелмей 4 мамандық магистратура бөлімі ашылды, алда докторантура ашу мәселесі қарастырылуда екенін атап өтті. Сонымен бірге биылғы оқу жылынан бастап мұнай-газ саласының мамандарын қайта даярлау немесе кәсіби біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұсмыстарға да тоқталы.
Кездесу соңында ұжым басшылары Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы тақырыбында өте түсінікті де қарапайым тілмен жеткізе білген «АтМГУ» КеАҚ басқарма төрағасы- ректор А.А.Абишевке шексіз ризашылықтарын білдірді.