12 қараша күні Атырау мұнай және газ университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы Орсариев келді. Ол зертханада болып, университет кампусымен танысты. Одан әрі мәжіліс залында Арын Амангелдіұлы АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
Басқарма төрағасы – ректор Али Ажимұлы Абишев ЖОО-ның стратегиялық дамуы, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы айтып берді. Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі Проректор Воробьев Александр Егорович қонақтарды университеттің ғылыми қызметімен таныстырды.
Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы Орсариев «студенттен жауапты хатшыға дейін» деген өзінің еңбек жолында өсу ойымен бөлісті. Студенттерге өз алдына мақсат қоюға және оларға қол жеткізуге, армандауға, өз білімі мен қызығушылықтарын дамытуға, кәсіби әдебиетті оқуға, сонымен бірге біліктілігін арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге, жаңа достар табуға және өзгеруден қорықпауға кеңес берді.