СТУДЕНТ-ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!

2017 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) тобының компанияларына жұмысқа орналастыру үшін дайындау мақсатында жоғары оқу орындарының талантты түлектерін іздеу мен таңдауды көздейтін «Жас Өркен» бағдарламасын іске қосты.

«Жас Өркен» бағдарламасы – Қордың жоғары оқу орындарының талантты түлектерін тарту, оқыту және дамыту бойынша бастамасы. Бағдарламаға топ-менеджменттің тәлімгерлігімен Қордың портфельді компанияларында өтетін төрт 5 айлық ротация кіреді.Оқу мен компаниядағы ротациядан басқа конкурс жеңімпаздарына жалақы төленіп, ротация мен тұратын жерлеріне дейінгі жолақы шығыны да өтеледі.

Осыған байланысты жоғарыда айтылған конкурстың мазмұны мен шарттары туралы толық ақпарат алу үшін АтМГУ студенттерін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қабырғасында өтетін «Жас Өркен» презентациясына (таныстырылымына) шақырамыз. «Жас Өркен» сайты: www.zhasorken.skcu.kz

Кәсіптік бағдар беру және еңбекке

орналастыру басқармасы