Бүгін, яғни 30.11.17ж. АтМГУ Студенттер сарайында университеттің Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлескен 1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елін сүйген - Елбасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтарымыз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен кездескен өлкеміздің танымал тұлғалары - Атырау грузин этномәдени орталығының төрағасы Зураб Бобохидзе мен поэзия падишасы Фаризаның ізбасары, шәкірті, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, ақын Әлия Дәулетбаева қатысты. Мерекелік шара ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмді тамашалаудан басталды.Кеште сөз алған Зураб Бобохидзе осыдан шамамен 20 жыл бұрын алғаш рет 1998 жылдың 26 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаевпен кездескен сәтімен бөлісті. Кездесу алдындағы қобалжыған жүрек пен толқыған көңілді елбасы өзінің мейірімге толы жарқын жүзі, жүрекке жылы әңгімелері, байсалды мінезі арқылы баурап алғандығына ерекше тоқталды. Одан кейін бірнеше рет ҚХА форумында кездескен кездеріндегі Н.Ә.Назарбаевтың тамаша есте сақтау қабілетіне тоқталды. Атап айтқанда жүздің, мыңның ішіндегі әр адамды өте жақсы танитындығы таң қалдырған. Сондай бір кездесулерде тіпті Н.Ә.Назарбаев оны «Атыраудың ең басты «грузині» деп танығандығын да атады.
Кеш қонағы Әлия Дәулетова Елбасы туралы өз ойымен бөлісті.Ол Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ең үлкен ерлігі деп, біріншіден ұлы Абайдың топырағындағы «Семей» полигонын жапқанын және сол арқылы Қазақстанның бейбітшілікті қолдайтын ел екендігін әлемге паш еткені деп білсе, екінші ерлігі елорданың Астана қаласына көшіру арқылы Мәңгілік Елге ұласу саясаты деп атады. Ақын Әлия өнер адамына ерекше шабыт сыйлаған кездесудегі Н.Ә.Назарбаевтың жастар алдында, халық алдындағы сөз саптауы, тыңдаушының құлақ құрышын қандырар ділмарлығына, жастарға қаратып айтқан мейірімді сөздері еріксіз бойға күш-қуат беретін қадір-қасиеттеріне тоқталды.
Сонымен бірге бүгінде оқу орнының профессоры Ұ.Б.Елеубаев өзінің алғаш Президентпен сонау 1999 жылдары «Сарайшық» мемориалды кешенін салу кезінде танысып, артынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде бірге қызмет атқарып, ел игілігіне қызмет еткен талай заңдарды шығарғандығын мақтанышпен еске алды.
Мерекелік шараны АтМГУ студенттік көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған әсем әнмен әрлеп, күмбір күймен көмкерсе, театрландырылған қойылыммен өрнектелді.