18.10.17ж. 2017-2018 оқу жылына жаңадан сайланған студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерінің «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы- ректор, э.ғ.д., профессор А.А.Абишевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ректор студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерін оқу орнының алдында тұрған міндеттерімен таныстырып өтті. Сонымен бірге университет ректоры студенттік президент Каким Нұролла мен өзге де белсенді студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.