11қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова мен Ирина Унжакова және Атырау қалалық маслихатының депуттары Әділбек Зайдуллин, Сәбит Рзиев, Ринат Гилажевтар Атырау мұнай және газ университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және белсенді студенттерімен кездесті. Кездесу мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және осы жобаға қатысты ұсыныстар мен пікірлерді тыңдау. «АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишев өз сөзінде жоғары оқу орнының даму болашағына тоқталып, технологиялық даму – әлеуметтік-экономикалық жүйе қозғалысының негізі екендігін атап өтті. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер депуттарға өздерін толғандырған мәселелер туралы сұрақтар қойып, олардан толыққанды жауап алды.