«Былина» этно-мәдени бірлестігімен кездесу

Ағымдағы жылдың 27-қазан күні Атырау мұнай және газ университетінің саясаты шеңберінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бастамасымен Атырау қаласының «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігі АтМГУ-нің студент жастарымен кездесті. Бұған дейін де студенттер «Тхоньиль-Атырау» корей және  «Довира» украин этно-мәдени бірлестіктерінің шығармашылықтарымен танысқан болатын. Ұлты өзге болса да жүрегі қазақ деп соғатын этно-мәдени бірлестіктің алға қойған мақсаттары, ҚХА-ның құрылу тарихы және елімізде болып жатқан реформаларға қатысты ойларымен, қазақ алфавитінің латын қарпіне көшу туралы пікірлерімен АтМГУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Л.К. Садыкова және кеш қонақтары этно-мәдени орталықтың төрағасы А.А. Короблёв, орынбасары А.В. Мелешкин, белгілі атыраулық өлкетанушы В.К. Афанасьевтер бөлісті. Шара соңында «Былина» вокалды ансамблі өнерлерін көрсетті.