Ағымдағы оқу жылдың 28 сәуірінде Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен Атырау мұнай және газ университеті студенттері арасында («Қауіпсіз Қазақстан» дәрісі шеңберінде) «Қазақстан қауіпсіздігі және этннос аралық қатынастардағы қазіргі заманның экстремизм формасы» атты, АтМГУ ҚХА басқарма төрағасы, Көшбасшылық орталығы, қауіпсіздік қызметі, Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған кездесу өтті. Модератор – АтМГУ көшбасшылық орталығының жетекшісі А.Х.Имандосов.
Мұндай кездесу университеттің және Ішкі істер департаментінің бірлескен жұмысында дәстүрге айналды, бірақ бұл жолы ол жаңа форматта өтті: КҚМ «Қоғамдық келісім» ғылыми-сараптамалық бөлімінің мамандары (Абилова С.К., Игилманова Ш.Б.), сондай-ақ Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының атынан студенттер мен аға оқытушы Бозахаев Г.К. шақырылды.
Студенттер Садықов Дулат Салимжанұлы экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істеріне жауапты полиция қызметкерінің сөзіне қызығушылық танытты, сұрақтар қойды.
AтМГУ студенттік құрылымдарының жетекшілері Каким Нуролла, Султангалиева Валентина, Хлопцева Анастасия, Шайдуллин Адилбек өз пікірлерін білдіріп, талқыланып жатқан тақырыпта және белсенді азаматтық ұстанымда жақсы білімдерін көрсетті. ҚХА AтМГУ кафедрасының меңгерушісі Л.К.Садыкова кездесу барысында екі оқу орнының студенттерін бір-біріне таныстырды, тренинг элементтерін пайдаланып, этносаралық толеранттылықты ұлттық деңгейде жүзеге асырудың маңыздылығын студенттерге жеткізді, ұлттық және азаматтық сәйкестік ұғымын түсіндірді.