Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бағытында «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасы 23-24 мамыр аралығында «Шығармашылықта шек жоқ» тақырыбында студент жастардың өз қолдарымен жасалған бұйымдардың көрмесінің 2 кезеңін ұйымдастырды. Осы тақырыптағы көрменің 1-ші кезеңі 2017 жылдың 16 қарашасында №9 оқу ғимаратында өткен еді.
Көрмені тамашалаушылардың көпшілігі Құрылыс-16 АОБ қ/т студенті Сайлаубек Нүркеннің дайындаған құрылыс барысында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй ғимаратының макетін жоғары бағалады.
Көрмені Әбдіхан Жансая, Айбек Марал суретті тастармен («Құрылыс материалдары» пәні бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, тастарды гипс, цемент, су, құм, акварель бояуымен жасаған) қазақ киіз үйі, түрлі-түсті тастар композициясы, жайлаудың суретіменен (A1 форматында) толықтырып, өзіндік әсемдік сыйлады.
Сонымен бірге Құрылыс-16 қ/т студенті Б. Джаманкулованың қолынан шыққан күзгі жапырақтардан жасалған аппликация (күріш дақылын бояумен әрлеген), қағаздан оригами техникасымен жасалған аққу бейнесі, бисермен жасалған суреттер, пластикалық құтыдан жасалған ваза, т.б. туындылары да өзіндік ерекшеліктерімен көрмеге сән берді.
Айниет Мендуахас (Құрылыс-16 қ/т студенті) тарелкаға салған суреттерімен, Орынгүл Игибаева (Құрылыс-16 қ/т) орындаған ұлттық қол өнер алқасымен, Қымбатқалиева Гүлжазираның (Құрылыс-16 қ/т) «Түнгі Париж» бейнеленген суреті (әйнек бетіне құмшекермен салынған) ерекше көз тартты.
Көрмені тамашалаған көрермендер студенттердің өз қолдарынан шыққан бұйымдардың сұлулығы мен талғампаздығына ризашылығын білдіріп, жұмыстардың орындалу үрдісі туралы авторлармен пікірлесті. Көрермендер өздерінің көрмеден алған сұлулық, әсемдік, үйлесімділік туралы алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырушылар жас ұрпақтың бойында «Болашаққа бағдар:қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда көрменің өзіндік роль атқаратынына сенім білдіреді.