25-қыркүйек 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының ХХІ Бас Ассамблеясы өз жұмысын бастады. Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының ХХІ Бас Ассамблеясы жұмысына төмендегідей мемлекеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесінің өкілдері қатысты.
Әзірбайжан Республикасынан (Әзірбайжан техникалық университеті, Баку мемлекеттік университеті, Сумгаит мемлекеттік университеті), Иран Ислам Республикасынан (Гилян университеті, Гилян медицина ғылымы университеті, Мазандаран университеті, Имам Хомейн атындағы халықаралық университет,Тарбиат Модарес Университеті), Ресей Федерациясынан (Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Астрахан мемлкеттік техникалық университеті, Астрахан мемлекеттік университеті, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Дағыстан мемлекеттік университеті, Экология және тұрақты даму институты, Б.Б.Городовиков ат.Қалмақ мемлекеттік университеті, Теңіз және өзен көліктері Каспий институты) және Қазақстан Республикасының (Атырау мұнай және газ университеті, Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университеті, Атырау инженерлі-гуманитарлық институты) оқу орындарының ғалымдары мен басшылары қатысқан жиында Ассоциацияның жұмысына жас ғалымдар мен студент жастарды тартудың маңыздылығына тоқталды. Жиын басында Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың Ассамблея жұмысына сәттілік тілеген құттықтауы оқылды. Сонымен бірге жиын барысында Каспий аймағындағы әлеуметтік-экономикалық, экологиялық мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерінің, оның ішінде Каспийдегі биоәртүрлілікті зерттеу саласындағы жетістіктерінің ерекшелігін атап өтті. Ассоциацияның қызметі туралы ғылыми және университеттік қоғамдастықты хабардар ету мақсатында мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесудің жаңа нысандарын іздеудің маңыздылығы да сөз болды. Ассамблеяда ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесін, телекөпір ұйымдастыру, веложарыс өткізу және т.б. жаңа қызмет түрлерін іздестіру ұсынылды. Ассоциацияға төрағалық еткен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры А.А.Талтеновтың есептік жылда атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деп бағаланды. Келелі мәселелерді талқылаған жиын барысында 2018-2019 жылдарда Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының Президенті өкілеттігін салтанатты түрде Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы-ректор Али Ажимұлы Абишевке табысталды.
Өзекті мәселе талқылаған Ассамблея
25-қыркүйек 2018 жылы Атырау мұнай және газ универсиетінің базасында Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының ХХІ Бас Ассамблеясы өз жұмысын бастады. Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының ХХІ Бас Ассамблеясы жұмысына төмендегідей мемлекеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесінің өкілдері қатысты.
Әзірбайжан Республикасынан (Әзірбайжан техникалық университеті, Баку мемлекеттік университеті, Сумгаит мемлекеттік университеті), Иран Ислам Республикасынан (Гилян университеті, Гилян медицина ғылымы университеті, Мазандаран университеті, Имам Хомейн атындағы халықаралық университет,Тарбиат Модарес Университеті), Ресей Федерациясынан (Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Астрахан мемлкеттік техникалық университеті, Астрахан мемлекеттік университеті, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Дағыстан мемлекеттік университеті, Экология және тұрақты даму институты, Б.Б.Городовиков ат.Қалмақ мемлекеттік университеті, Теңіз және өзен көліктері Каспий институты) және Қазақстан Республикасының (Атырау мұнай және газ университеті, Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университеті, Атырау инженерлі-гуманитарлық институты) оқу орындарының ғалымдары мен басшылары қатысқан жиында Ассоциацияның жұмысына жас ғалымдар мен студент жастарды тартудың маңыздылығына тоқталды. Жиын басында Атырау облысы әкімі Н.А.Ноғаевтың құттықтауы оқылды. Ассамблея Ассоциацияның Каспий аймағындағы әлеуметтік-экономикалық, экологиялық мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерінің, оның ішінде Каспийдегі биоәртүрлілікті зерттеу саласындағы жетістіктерінің ерекшелігін атап өтті. Ассоциацияның қызметі туралы ғылыми және университеттік қоғамдастықты хабардар ету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесудің жаңа нысандарын іздеудің маңыздылығы да сөз болды. Ассамблеяда ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесін, телекөпір ұйымдастыру, веложарыс өткізу және т.б. жаңа қызмет түрлерін іздестіру ұсынылды. Ассоциацияға төрағалық еткен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры А.А.Талтеновтың есептік жылда атқарған жұмыстарына оң баға берілді. Келелі мәселелерді талқылаған жиын барысында 2018-2019 жылдарда Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері Ассоциациясының Президенті өкілеттігін салтанатты түрде "Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ басқарма төрағасы-ректор Абишев Али Ажимұлына табысталды.