Дәстүрлі зияткерлік викторина

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Көшбасшылық орталығымен бірігіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан: сандар, оқиғалар мен тұлғалар» атты жыл сайынғы дәстүрлі зияткерлік викторинасын өткізді. Айта кетсек, бұл викторина алғаш 2008 жылы өткізілген, міне, бүгін 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аталған викторинаға көшбасшы студенттер мен ҚХА кафедрасының меңгерушісі, АтМГУ Дағдарыс орталығының жетекшісі Садыкова Л.К. қазылық жасады.

Викторина қазақ және орыс лигаларында өткен екі ойыннан тұрды. Қазақ лигасында мұнайшылар тобы жеңіске жетсе, 2-ші орынды технологтар және 3-ші орынды экономисттер тобы иеленді. Мұнайшылар тобы викторина кезінде барлығы 8 рет ұтты және нәтижесінде ең білікті команда атанды. Ал орыс лигасында экономисттер тобы жеңісті иеленсе, 2-ші орынды мұнайшылар, ал 3-ші орынды механиктер командасы алды. Экономистер командасы біздің викторинаның тарихында бірінші рет ең мықтылар атағын қорғап, бірінші рет қатарынан екі рет жеңіп шыққан бірден-бір команда болды.