Атырау мұнай және газ университетінде «Bolashak Engineering» Халықаралық жастар қорының «Шеврон» компаниясы мен Атырау облысының әкімдігінің бірігіп ұйымдастырған «Заңғар» жобасы аясында студенттерге арналған STEM - оқыту курсы аяқталды.
2018 жылдың 17-18 мамырында курстың 58 қатысушысы салтанатты түрде марапатталды.
Курстар 2018 жылдың 30 қаңтарынан бастап 18 мамыр аралығында 4 профиль бойынша жүргізілді: Робототехника, Бағдарламалау, Инженерия, 3D модельдеу. Студенттер Қазақстандағы «Bolashak Engineering» бағдарламасының бірден-бір патенттелген STEM - бағдарламасы бойынша білім алу барысында өз уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді.
«Bolashak Engineering» кәсіби тренерлері студенттерге SOLIDWORKS бағдарламалық жасақтамасының көмегімен әртүрлі дизайнның 3D үлгілерін жасау, бағдарлама кодтарын жазу және Arduino микроконтроллерінің көмегімен роботтарды жинау, сонымен қатар аспа көпірлерін, Да Винчи көпірін және импровизацияланған материалдардан жасалған басқа да инженерлік үлгілерді жасауға үйретті.
Жоба қатысушылары курстарда қолданылатын инновациялық тәсілдерді жоғары бағалады.