ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ЖАҢА ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

         Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті биылғы оқу жылынан бастап, тың тәжірибе енгізіп отыр. Оқу орнының 9 студенті және 1 жетекші мұғалім:

  1. Балтабаева Аружан – ОЗХТ-16 қ/т;
  2. Нұржанов Думан –ОЗХТ -16 қ/т;
  3. Қанатова Гүлшат –ОЗХТ-16қ/т;
  4. Кенжегали Нұркен –ОЗХТ-16қ/т;
  5. Юсупова Асемгүл –ОЗХТ-16 қ/т;
  6. Мардан Адил –ОЗХТ-17 қ/т;
  7. Гапурнов Диас –ОЗХТ -17о/т;
  8. Тасимов Асылбек –КТЖ-17 о/т;
  9. Келіс Бейбарыс –КТЖ -17 о/т;
  10. Наурызбаева Алтынай – оқытушы, жетекшісі  

(«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Көлік технологиясы мен жабдықтар» мамандығы бойынша) Румынияның KMG International Rompetrol компаниясының Petromidia зауытында 1 айлық іс-тәжірибеден өтеді. Соған байланысты 29 қыркүйек күні студенттеріміз Румынияға жүргелі отыр. Еуропа еліндегі ірі мұнай-газ саласы компаниясынан іс-тәжірибеден студенттерімізді өткізіп, олардың қазіргі заманауи озық технологияларда теориялық білімдерін бекіту арқылы  өз ісінің шеберлерін даярлауға оқу орны бар күш-жігерін салуда. Студенттеріміз өздеріне беріліп отырған мүмкіндікті толық пайдаланып, қажеттіліктеріне жаратады деген сенімдеміз. Осыған орай университеттің стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректоры, т.ғ.к., профессор Е.Т.Нұрпеисов Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушы студент жастармен кездесті. Алдымен шетелге жүргелі отырған студент жастардың ең бастысы амандығын тілеп, әр студентпен жеке пікірлесіп, негізгі мақсаттарына қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.

ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН ЖОБА

         Сонымен бірге 26 қыркүйек күні 4 студентіміз:

  1. Сайын Фариза – АЖ-17 о/т;
  2. Сәрсенбаев Жандос – ГК-17 қ/т;
  3. Сембай Дастан – ЭЭ-18 а/т;
  4. Олжағали Жанәділ –МГІ-18 а/т

Польшаның Лешно қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы  Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мектебінде 1 семестр бойына білімдерін жетілдіруге жол жүреді. 2015 жылдан бері оқу орны тиімді түрде академиялық ұтқырлық бағдарламасын аталған оқу орнымен бірлесіп жүргізіп келеді. Биыл бес жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан бағдарлама негізінде жоғарыда аталған оқу орнында арнайы ҚАЗАҚСТАН кабинеті ашылып, студенттеріміз өзге шетелдік студент жастарға елімізді танытуға, қасиетті салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттау бағытындағы түрлі ауқымды шараларды ұйымдастырып келеді.

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

  1. Биылғы жылдың бір ерекшелігі университетіміздің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Н.М.Ахметов Польша мемлекетіндегі аталған оқу орнының басшылығының шақыртуымен шетелдік студенттерге дәріс оқуға барады. Бұл жағымды жаңалық студенттерімізді де қуантып тастады. АтМГУ ПОҚ-ы өздерінің жоғары білімдері мен біліктілік дағдыларын халықаралық деңгейге шығарып, шетел студенттеріне үйретпекші.
  2. 2019-2020 оқу жылында «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Польшадағы жоғары оқу орнымен «қос диплом» жобасын қолға алды. Яғни «Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің 2 курс студенті Көшенов Эльдар осы жобаның алғашқы қатысушысы болып табылады.Көшенов Эльдар алдағы екі жыл бойына жоғарыда аталған жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, соңында «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ пен Польшаның Ян Амос Коменский атындағы  МЖКББМ дипломын алып шығады.  

ЖЕТІСКТЕРІМІЗ ЕСЕЛЕНЕ БЕРСІН!!!