Жеңіс, әлде жеңіліс...

Спортта жеңіс пен жеңілістің бірге жүретіндігі заңдылық. Жеңілістен кейін мойымай, алға ұмтылу немесе жеңістен кейін «әлі де жетілдіретін тұстарым бар» деп тәжірибе ретінде қабылдай білу кез-келген спортшының қолынан келе бермейтіні анық. Университетіміз небір атақты спортшыларды даярлап шығарған оқу орны болғандықтан (https://www.facebook.com/100004542009531/videos/pcb.1468575583303828/1468573059970747/, спорт әлемінде өзіндік жетістігі бар спортшылармен онлайн кездесуді ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. 26 мамыр күні өткен кездесудің кезекті қонағы – ММА жауынгері, NFC чемпионы, жерлесіміз Исатай Теміров.
Онлайн кездесуде Исатай өзін спортқа қалай келгенін, өткізген кездесулерін, алдағы сайыстарға дайындығы, т.б. туралы айтты. Кездесу барысында көрермендер, спортшының жанкүйерлері тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Мысалы: Көзге қатты соққының зияны қаншалықты? Спортта кімге еліктейсің? Спортқа музыка қаншалықты қажет? Ең есте қалған жекпе-жегіңіз?,т.с.с. сұрақтарға жауап берді. Көрермендер Исатайдың жүргізетін дайындығын тамашалау мүмкіндігін сұрады. Оған спортшы карантин аяқталғаннан кейін арнайы спорт залындағы дайындығына шақыратындығын хабарлады. Қазіргі уақытта өзі қыркүйек айына жоспарланған күреске дайындалып жатыр.
Кездесу соңында көрермендер мен жанкүйерлері спортшыға сәттілік тілеп, алдағы сайыстарында жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестіктерін білдірді.