18-қыркүйекте Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өз жұмысын бастағаны баршамызға белгілі. Қазан айының соңына дейін жұмыс жасайтын көрмені Атырау мұнай және газ университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен студент жастары тамашалауда. 2018 жылдың 21-қыркүйегінде бір топ студенттер мен топ кураторлары, барлығы 2000-нан астам адам «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін тамашалады.