Біз туралы

 

Мұнай-газ факультетінің деканы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Шұғаепов Нұрлыбек Әміржанұлы Тел: 36-35-62

Деканның орынбасары - Аухадиева Гүлсім Қайыржанқызы, ұялы тел:  8 701 316 02 44, e-mail[email protected] 

Мұнай газ факультеті Атырау мұнай және газ университетінің құрамында алғашқы факультеттердің бірі болып 1990 жылы құрылды да мұнай факультеті болып аталынды. Мұнай газ факультетінің негізінде қазіргі ірі екі «технология» и «экономика» факультеттері құрылды, сондықтан Мұнай газ факультеті «Қара шаңырак» атағына ие. Сол  1990 жылы факультет құрамында «Геология», «Жалпы физика» кафедралары құрылды.  1992 жылы «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау»  және «Мұнай және газ кенорындарын игеру» кафедралары құрылды. 2009 жылы «Геодезия, картография және жерге орналастыру» кафедрасы ашылды. Мұнай газ факультетінің профессор-оқытушы құрамы Астана, Алматы, Москва, Ленинград, Уфа, Грозный, Ташкент және басқа алдыңғы қатарлы мұнай және техникалық жоғарғы оқу орындарының түлектері. Қазіргі уақытта факультетте 75 оқытушы, оның ішінде 8 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 20 АтМГИ доценті,  15 аға оқытушы, 10 оқытушы еңбек етуде.

Қазақстан Республикасының  2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында мұнай-газ факультетінде 5В070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығында 2015-2016 оқу жылында «Құрлықта және теңізде мұнай және газ кенорындарын игеру  және пайдалану» білім бағдарламасы бойынша  мемлекеттік білім гранттары бөлініп,  72 студент оқуға қабылданды, 2016-2017 оқу жылында «Ұңғыма өнімдерін өндіру және дайындау» білім бағдарламасы бойынша 30 студент мемлекеттік білім гранттарымен қабылданды. Қазақстан Республикасының  2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 жыл ішінде 102 студент  5В070800 – «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша 102 студент  мемлекеттік білім гранттары бойыншат қабылданып, білім алуда.

Мамандарды дайындау сапасын арттыру үшін Қазақстан Республикасының  2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі заман талабына сай дәрісханалық қондырғы «Виртуальды кенорны» алынып, жаңа дәрісхана ашылды. Бұл теңдесі жоқ қондырғыда мұнай-газ фкультетінің студенттері білімдерін шыңдайды.

 2016-2017 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен мқнай-газ факультетінің 8 студенті алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің Польша (Лешна қаласы), Италии (Турин қаласы),  Китая (Синдзянь қаласы) жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

Факультет профессор-оқытушы құрамы  АҚШ, Финляндия, Шотландия, Франция, Чехия, Ресей мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы оқу орындарында біліктіліктерін көтеріп қайтты.

            Факультеттің 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» және 5В070600-«Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және оларды барлау» мамандықтары бойынша білім алатын 3-4 курс студенттері   «Полигон» дуалды оқыту бағдарламасы бойынша  «Эмбамунайгаз» және  «ЖигерМунайСервис» өндіріс орындарында оқу мен вахтамен жұмыс жасауды қатаралып жүруде. 

Бұл бағдарлама бойынша оқыған түлектер бағдарлама соңында дипломмен бірге еңбек кітапшасын алып шығады.

Факультет аймақтағы мұнай-газ өндірістік орындарымен жақсы қарым- қатынас орнатқан. Мұнай –газ компаниялары факультет студенттеріне оқу ақысын төлеу арқылы спонсорлық көмек көрсетуде.

1. ЖШС «Курмангазы Петролеум» - 41

2. Норд Каспиан оперейтинг – 6

3. КазЭнерджи-6

4. NCOC – 1

5. АҚ «Эмбамунайгаз» - 2

6. Матин Петролеум - 6

7. Компания «Дюрал» - 1

8. АҚ «Каспийнефть» -1

9. ЖШС «Кожан» - 1

10. Тасболатойл корпорейтинг- 1.

Мұнай-газ факультетінің 3 және 4 курс студенттері өндірістік және диплом қорғау алды практикаларын АҚ «Эмбамунайгаз», ЖШС «Каспиймунайгаз»,  «Матен Петролеум», Каспиан Энерджи Рисерч, АҚ «КазНИГРИ» өндіріс орындарының базаларында өтеді.

 

МҰНАЙ ГАЗ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ НЕГІЗГІ  (ПРИОРИТЕТТІ) ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

  • Мұнай және газ кенорындарын игеру  және пайдалану;
  • Құрлықта және теңізде бұрғылау және мұнай-газ ұңғымаларын күрделі жөндеу;
  • Мұнай - газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын жобалау және пайдалану;
  • Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау;
  • Геология және пайдалы қазбалар кеніштерін барлау;
  • Мұнай-газ кеніштерін бұрғылау және игеру техникасы мен технологиясын жетілдіру;
  • Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау, адам экологиясы, геоэкология, мұнай-газ индустриясы нысандарына экологиялық мониторинг жүргізу;
  • Оқытудың инновациялық технологиясы;
  • Негізгі (фундаментальды) бағыттар;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар.

Қазіргі кезде мұнай газ факультетінің құрамына 4 кафедра кіреді:

•        «Геология және геофизика» кафедрасы - кафедра меңгерушісі

г.-м.ғ.к., профессор С.Н. Нурсултанова;

•        «Мұнай газ ісі» кафедрасы - кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент

Н.А. Шугаепов;

•        «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы - кафедра меңгерушісі

ф.-м.ғ.к., профессор З.К. Джуламанова;

•        «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы - кафедра меңгерушісі т.ғ.к.,  доцент Е.К. Тулегенов.

Мұнай газ факультеті келесі бакалавриат мамандықтары бойынша мамандар дайындайды:

•        5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кеніштерін барлау»;

•        5В070800 – «Мұнай газ ісі»;

•        5В071100 – «Геодезия және картография»;

•        5В090300 – «Жерге орналастыру».

 

Мұнай-газ факультеті деканатының  мекен жайы:

Атырау қ.,  Баймуханов көшесі 45а, 

№5 оқу корпусы, 2 қабат, 214 кабинет.

Байланыс  телефондары: 8 (7122) 36-35-62