Факультет деканы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Арыстаналиев Есенгелді Өтешұлы Тел: 36-42-66
Декан орынбасары – техника ғылымдарының магистрі Дүйсекенова Раушан Ғарифоллақызы, ұялы тел: 8 702 671 97 54, e-mail: [email protected]
Біз өзімізге ұнайтын нәрсені жасаймыз, ал біздің жасағандарымыз – одан бетер ұнайды!
Индустриалды-технология факультеті 2015 жылы Технология және Механика факультеттерінің негізінде құрылды. Факультеттің негізгі қызметі – мұнай-газ саласында білікті мамандарды даярлау, мұнай-газ кластерін тұрақты дамытуға бағытталған салалық ғылым мен жоғары мектеп ресурстарын біріктіруге қабілетті, инновациялық және мәдени, жетекші ғылыми, білім беру орталығы ретінде АтМГУ ролін бекіту.
Факультет құрамына төрт мамандандырылған кафедра кіреді:
- «Электроэнергетика» кафедрасы – кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Яшков Владимир Александрович;
- «Химиялық технология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы – кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Сатенов Құрмет Ғиз атоллаұлы;
- «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасы – кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., АтМГУ профессоры Бисенғалиев Макс Дауылбайұлы;
- «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы – кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., АтМГУ доценті Медетов Шоқан Медетұлы.
Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы 54 штаттағы адамды құрайды, соның ішінде 7 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 18 магистр қызмет атқарады. Барлығы: 9 профессор, 14 доцент, 21 аға оқытушы, 10 оқытушы. Факультеттегі профессорлық-оқытушылар құрамының орташа жасы 48 жасты құрайды. Факультеттегі профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі 51 % құрайды.
2017-2018 оқу жылында факультетте білім алушылардың саны 1500-ден асты, олардың ішіндегі 1000-нан астам студент күндізгі бөлімде оқиды.
Оқу және өндірістік тәжірибелердің, курстық және дипломдық жобалардың тақырыптары (жұмыстар) мұнай-газ саласындағы мәселелермен, өнеркәсіптік үдерістердің технологияларымен, аймақтың ғана емес, жалпы мемлекеттің экологиясымен байланысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында факультетте «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар даярлау жүргізілуде. ИИДМБ-2 бойынша даярлау аясында мемлекеттік білім беру гранты бөлініп, осы мамандық бойынша 55 студент білім алуда.
ИИДМБ-2 үшін мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін «Риформинг, гидротазалау, изомерлеу үдерістерін зерттеуге арналған әмбебап ММУ каталитикалық қондырғы» жаңа буынды зертханалық жабдық пен «МӨЗ виртуалды-оқу кешені» оқу-зертханалық жабдықтары алынды.
Академиялық ұтқырлық аясында факультеттің 15-тен астам студенті Польшаның, Чехияның, Туриннің, Францияның, Қытайдың, Ресейдің жетекші ЖОО-да білімдерін жалғастыруда.
30-дан астам оқытушы АҚШ-тың, Финляндияның, Шотландияның, Францияның, Чехияның, Ресейдің жоғары оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өтті.
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 3 және 4 курс студенттері жаңа «Полигон» оқу бағдарламасы бойынша «АМӨЗ» ЖШС және «ЖігерМұнайСервис» ЖШС кәсіпорындарында ауысымдық жұмыспен оқуларын қатар алып жүреді. Осы жылдан бастап «Электроэнергетика» және «Құрылыс» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттерін аталған бағдарлама бойынша «АтырауЖарық» АҚ және «ҚазМГБҒЗИ» ЖШС мекемелерінде оқыту жоспарлануда. Осы бағдарламаның соңында түлектерге диплом мен еңбек кітапшасы беріледі.
Факультеттің негізгі ғылыми бағыттары:
- Көмірсутек шикізатын өңдеу және қолданудың тиімділігін арттыру;
- Аймақтың экологиялық мәселелерін шешу және мұнайхимия өнеркәсібі үшін ілеспе мұнай газын кешенді қолдану;
- Технологиялық машиналар және мұнай-газ саласының жабдықтары;
- Мұнай машина жасау;
- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
- Көліктегі автоматтандырылған басқару жүйесі;
- Көлік логистикасы және жүктерді тасымалдау;
- Жайық өзені сағасының экологиялық жағдайына және Каспий теңізі мен оның жағалауына заманауи сараптама жасау;
- Күрт құбылмалы және экожүйенің антропогендік өзгерістер мониторингісінің ғылыми-әдістемелік негізі;
- Каспий теңізінің шығыс бөлігінің өсімдігі мен зоопланктонының қазіргі жағдайы;
- Күрт құбылмалы ауа райында заманауи инновациялық материалдарды қолдану арқылы энергиялық тиімді құрылыс;
- Өнеркәсіпті электрмен жабдықтау сапасын көтеру жолдарын іздестіру және мәселелерді шешу;
- Энергия үнемдейтін технологиялардың жағдайы және болашағы;
Факультетте келесі бакалавр мамандықтары бойынша студенттерді күндізгі, кешкі және қашықтықтан-сырттай оқытады:
№ |
Мамандықтар атауы |
Мамандандыру |
Берілетін дәреже |
1 |
5В072900 – Құрылыс |
Азаматтық және өндірістік құрылыс технологиясы |
Техника және технология бакалавры |
Мұнай-газ құбыры және мұнай-газ қоймасының құрылыстары |
|||
2 |
5В071500 – Теңіз техникасы мен технологиясы |
Кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану |
Техника және технология бакалавры |
Теңіз мұнай-газ кен орындарының технологиялық жабдықтары |
|||
3 |
5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар |
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары |
Техника және технология бакалавры |
Мұнайгазхимиялық өндірістің машиналары мен жабдықтары |
|||
Мұнай-газ айдау кешендерінің машиналары мен жабдықтары |
|||
4 |
5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар |
Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау және мұнай-газ құбырын пайдалану |
Техника және технология бакалавры |
Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы |
|||
Көліктегі қызмет көрсету |
|||
5 |
5В090100- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру (көлік түрлері бойынша) |
Қызмет көрсету слаласындағы бакалавр |
Жол қозғалысын ұйымдастыру |
|||
Көлік логистикасы |
|||
6 |
5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
Техника және технология бакалавры |
7 |
5В073200 – Стандарттау және сертификаттау
|
Стандарттау және сертификаттау |
Техника және технология бакалавры |
Метрология және метрологиялық жабдықтау |
|||
Сапа, стандарттау және сертификаттау |
|||
8 |
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
Мұнай мен газдың химиялық технологиясы |
Техника және технология бакалавры |
Өндірістің химиялық технологиясы және полимерлерді өңдеу |
|||
Мұнайхимиялық өндіріс технологиясы |
|||
9 |
5В071800 – Электр энергетикасы |
Электрмен жабдықтау |
Техника және технология бакалавры |
Электр жетегі және технологиялық үдерістерді автоматтандыру |
|||
Электр станциялары мен қосалқы станцияларды электрмен жабдықтау |
|||
10 |
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
Байланыс желілері және коммуникация жүйелері |
Техника және технология бакалавры |
Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер |
|||
11 |
5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі |
Техника және технология бакалавры |
Өнеркәсіптік экология |
|||
Қоршаған ортаны инженерлік қорғау |
|||
12 |
5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
Ет және балық өнімдерінің технологиясы |
Техника және технология бакалавры |
Сүт өнімдерінің технологиясы |
|||
Қоғамдық тамақтандыру технологиясы |
|||
13 |
5В060600 – Химия
|
Жалпы химия және экология |
Жаратылыстану бакалавры |
Химиялық және экологиялық сараптама |
|||
14 |
5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау |
Ихтиология және су ресурстарын қорғау |
Ауыл шаруашылығы бакалавры |
Өнеркәсіптік балық аулау |
|||
Қызмет көрсету саласындағы маркенинг |
|||
Халықаралық маркетинг |